Алматыдағы корпоративтік ағылшын тілі | Studyroom.kz
Корпоративтік ағылшын тілі

КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ІСКЕРЛІК АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Шын мәнінде тиімді корпоративтік оқыту курстары
Корпоративтік ағылшын тілі
Нарықта 2013 жылдан
  • StudyRoom-да оқи отырып, біліміңізді толықтырып, жұмысыңызда табысқа жете аласыз;
  • Қызықты сабақтар – оқытуымыздың табысты болуының кепілі. Сабақтар ең бастапқы деңгейден (Beginner) бастап тілді еркін меңгеру деңгейіне (Proficiency) дейін өткізіледі;
  • Топтық сабақтарда ойын және интерактивті әдістер жиі қолданылады. Олар компания қызметкерлеріне бір-бірін жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Мұндай сабақтар ұжымды біріктіріп, кеңседегі ахуалды жақсартады.
Сынақ сабағына жазылу

Біздің артықшылықтарымыз

  • Алматыдағы үздік тіл мектептерінің бірі
  • Заманауи оқыту әдістемелері
  • Оқыту компанияңыздың кеңсесінде өтеді
  • Міндеттеріңізге бейімделетін оқу бағдарламасы
  • Оқу жетістіктерін тұрақты бақылау
  • Толық курс ақысын алдын ала төлегенде 15% жеңілдік

Корпоративтік ағылшын тілі

Корпоративтік оқытудың табысты болуының сыры — әр клиентке ерекше көңіл бөлініп, оның барлық талаптары, тілектері мен ұйым қызметінің ерекшеліктері ескерілген жеке оқу бағдарламасының әзірленуінде. Біз үнемі дамып отырамыз және өзімізді жаңа салада қуана сынап көруге дайынбыз.

Оқытушылар құрамының жоғары кәсіби біліктілігі.
Барлық оқытушыларымыздың тіл білімі саласында бейінді білімі бар, олар үнемі, соның ішінде шетелде де, біліктілікті арттыру тренингтерінен өтеді. Корпоративтік оқытуды оқытушылар құрамындағы үздік мамандар жүргізеді.

Бизнесіңіздің талаптарына сай арнайы бағдарлама әзірлеу.
Біз компанияңыздың ерекшеліктерін ескеріп, сіз үшін арнайы әзірленген корпоративтік ағылшын тілін оқыту бағдарламасын ұсынамыз – «әзірленген» сөзін «бейімделген» сөзіне ауыстырамыз

Біз уақытыңызды бағалаймыз,
сондықтан сабақтың ыңғайлы
уақыты мен орнын өзіңіз таңдайсыз.
Жұмыс күні басталғанға дейін, түскі үзілісте немесе жұмыс күнінен кейін — қызметкерлеріңізге арналған ағылшын тілі сабақтарының кестесін өзіңіз жоспарлайсыз.

Біз қызметкерлер үшін жазбаша және ауызша тестілеу ұйымдастырып, нәтижелері бойынша деңгейлеріне сәйкес топтар құрамыз.
Бүкіл оқу кезеңі бойы тұрақты бақылау тестілері өткізіледі. Оқытушыларымыз қызметкерлеріңіз үшін тұрақты түрде жазбаша және ауызша тестілеу өткізеді.

Оқу үдерісін корпоративтік бөлімнің жеке менеджері үйлестіреді. Ол бүкіл оқу барысында сізге кеңес береді.

Тегін сынақ сабағына дәл қазір жазылыңыз

Ол үшін атыңыз бен телефон нөміріңізді жазыңыз. Менеджер сізге 5 минут ішінде қайта қоңырау шалады

Толық кеңес алғыңыз келе ме?

Ол үшін атыңыз бен телефон нөміріңізді жазыңыз. Менеджер сізге 15 минут ішінде жазады.